ПРЕЗИДЕНТ РЕЗИДЕНЦИЯСЫ ЖАС ДАРЫНДАРҒА АРНАЛҒАН ЛАГЕРЬГЕ АЙНАЛАДЫ

Жаңа оқу жылынан бастап Шымкент қаласында айрықша жоба іске аспақ.
Бұл туралы қалалық тамыз конференциясында қала әкімі Ғабит Сыздықбеков баяндады.
- Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес, А. Асқаров атындағы Дендросаябақтың көркем табиғат аясында орналасқан президент резиденциясы енді еліміздің ең үздік жас дарындарына арналған жыл бойы жұмыс істейтін заманауи лагеріне айналады. Бұл орталық олимпиада жеңімпаздарына, жас өнертапқыштарға, ғылым мен мәдениет үздіктеріне, өнерге құштар балаларға арналады. Әр ауысымда 50-60 бала демалатын лагерде арнайы әзірленген білім беру бағдарламасынан жылына шамамен 2500 жас талант іріктеліп өтетін болады. Бұл бастама – еліміздің болашақ көшбасшыларын қалыптастыру жолындағы маңызды қадам, сондай-ақ Мемлекет басшысының өскелең ұрпаққа деген шынайы қамқорлығының айқын дәлелі, – деді Ғабит Сыздықбеков.




