Руслан Берденовке жасалған қастандық: Прокурор айыпталушыға 11 жыл 3 ай тағайындауды сұрады

0
108

Мемлекеттік айыптаушы Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Руслан Берденовке жасалған шабуыл ісі бойынша айыпталушыға 11 жыл 3 ай бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұрады.

Сот отырысында алғашқы болып мемлекеттік айыптаушы Бауыржан Қараманов сөз сөйледі. Ол оқиғаның мән-жайын толық баяндап, айыпталушы Ернар Жиембайдың кінәсі түрлі дәлелдер мен куәгерлердің айғақтарымен расталатынын атап өтті.

Прокурор жеңілдететін және ауырлататын мән-жайларға тоқталды. Жеңілдететін жағдай ретінде айыпталушының кәмелетке толмаған балаларының барын ескерді. Ал оның қылмысты мас күйде жасағаны ауырлататын жағдай ретінде есептелді.

Ернар Жиембайға Қылмыстық кодекстің екі бабы бойынша айып тағылды:

  1. 99-бап, 1-бөлік – “Адам өлтіру”;
  2. 24-бап, 3-бөлік – “Қылмысқа дайындалу және адамның еркінен тыс жағдайларға байланысты аяқталмаған қылмысқа оқталу”.

Бұған дейін Руслан Берденов Ернар Жиембайды кешірмейтінін айтқан еді. 

Еске салсақ, Шымкентте қала әкімінің орынбасарына қастандық жасаған күдіктіге қатысты сот жалғасып жатыр. Бүгінгі сот отырысында күдікті қылмыс жасауына қызғаныш себеп болғанын айтқан еді.

Материал STAN.kz сайтынан алынды.

Әлеуметтік желіде бөлісу

Пікір жазу