ШЫМКЕНТТЕ ЖАҢА ОҚУ ЖЫЛЫНДА 1500 ОРЫНДЫҚ МЕКТЕП АШЫЛДЫ

0
120

Бүгін, 1 қыркүйек – Білім күніне орай Шымкент қаласының Таскен шағын ауданында 1500 орынға арналған жаңа мектеп ашылды. Заманауи білім ордасы «Келешек мектебі» жобасы аясында бой көтеріп, оқушыларға есігін айқара ашты.

Салтанатты шараға қала әкімі Ғабит Сыздықбеков қатысып, оқушыларды, ұстаздар мен ата-аналарды мерекемен құттықтады. Өз сөзінде әкім жаңа үлгідегі мектептердің сапалы әрі қауіпсіз білім беру процесін қамтамасыз етуге зор ықпал ететінін атап өтті.

Жаңа мектеп заманауи оқу кабинеттерімен, интерактивті тақталармен, STEM-зертханалармен, IT-сыныптармен, спорт залымен, асханамен және медициналық пунктпен толық жабдықталған. Сонымен қатар, ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға арналған арнайы сыныптар қарастырылған.

Айта кетейік, жаңа оқу жылында қаладағы 1352 білім беру мекемесінде 397 мыңнан астам оқушы білім алуда. Оның ішінде 28 мыңға жуық бала алғаш рет мектеп табалдырығын аттап отыр. «Келешек мектебі» жобасы аясында бұған дейін Шымкентте 11 мектеп пайдалануға берілген.

Әлеуметтік желіде бөлісу

Пікір жазу